13.04.2016, 12:39 4276

17 жылда қазақстандықтардыӊ ынтымақты зейнетақысыныӊ орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды

1999-2015 жылдар аралығында Қазақстанда ынтымақты зейнетақыныӊ орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды. 1999 жылы ынтымақты зейнетақыныӊ орташа көлемі 4 мыӊ 179 теӊге болды, 2015 жылы аталған көрсеткіш 39 мыӊ 379 теӊгені құрады

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - 1999-2015 жылдар аралығында Қазақстанда ынтымақты зейнетақыныӊ орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды. 1999 жылы ынтымақты зейнетақыныӊ орташа көлемі 4 мыӊ 179 теӊге болды, 2015 жылы аталған көрсеткіш 39 мыӊ 379 теӊгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көрсетілген кезеӊде зейнетақы шығындары 1999 жылы 99,1 млрд.теӊгеден 2015 жылы 918,4 млрд. теӊгеге дейін 9,3 есеге жуық өсті.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстандағы ынтымақты зейнетақыныӊ көлемі жыл сайын инфляция деӊгейінен 2% басым көрсеткішпен индекстеледі. 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап ынтымақты зейнетақы төлемдері 9%-ға өсті. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 1,9 млн. зейнеткер бар.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны