06.09.2019, 20:45 8673

"1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы" атты тарихи-деректі фотокөрмесі ашылды

Көрме 2019 жылғы 4-30 қыркүйек аралығында өтеді.

Нұр-Сұлтан. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - 4 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ж.Түймебаев Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігі мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының ҚР ҚК Әскери-тарихи музейімен бірлескен "1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы" атты тарихи-деректі фотокөрмесінің салтанатты ашылуына қатысты. Ашылу салатанаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінде өтті.

Экспозицияда алғаш рет жаһандық қақтығысқа әкеп соққан оқиғалар, КСРО-ның қатысуымен кең антигитлерлік коалицияның соғыс қарсаңында қалыптасуы кезіндегі сәтсіздіктердің себептері, сондай-ақ 1930 жылдардың соңында халықаралық жағдайға қауіп төндірген кеңес басшылығының іс-қимылдарының логикасы туралы баяндайтын шынайы мұрағаттық құжаттардың көшірмелері мен фотосуреттер ұсынылған. Экспозиция 1938 жылдың 29 қыркүйегіндегі Мюнхен келісімі мен 1939 жылдың жазындағы әлемдік саяси дағдарыстың тереңдеуіне дейінгі және 1939 жылдың 1 қыркүйегінде Польшаға Германияның шабуылы кезеңдерін қамтиды.

ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, "Қазақстан мен Ресей - достықтары талай сыннан өткен көрші мемлекеттер. Екі елдің арасындағы қатынастардың тамыры тереңде жатыр. Біздерді ортақ шекара ғана емес, ортақ тарих та байланыстырады. Сол тарихтың аса үлкен бір мысалы - Екінші дүниежүзі соғысы.Тарихтағы ең қантөгісті соғыс деп танылған сол соғыста біздің халықтарымыз ұлтымызға, тілімізге, дінімізге бөлінбей, бір ту астында бір ғана жеңіс үшін шайқасқанбыз. Ол соғыстың жарақаты әлі жазылған жоқ. Оның зардаптарын көрсететін деректер мен дәйектер әлі де табылып жатыр. Соның біреуі - бүгінгі іс-шара деп білемін", - деп атап өтті.

Көрмеге келушілердің назарына Федералдық мұрағат агенттігінің, Ресей мемлекеттік әскери мұрағатының, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің тарихи-құжаттық департаментінің, сондай-ақ Ресей тарих қоғамы қорларынан алынған материалдар ұсынылды.

Көрме 2019 жылғы 4-30 қыркүйек аралығында өтеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны