14.07.2016, 10:46 3420

1993 жылы туылған азаматтыӊ заӊсыз алып өтуге тырысқан жүгі - 180 дана "Nokia" телефоны болып шықты

Еліміздіӊ шығысында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ (Қазақстан - Қытай шекарасы) шекара наряды контрабандалық жолмен ұялы телефондарды өткізбек болған қазақстандық азаматты ұстады

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ шығысында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ (Қазақстан - Қытай шекарасы) шекара наряды контрабандалық жолмен ұялы телефондарды өткізбек болған қазақстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

1993 жылы туылған азаматтыӊ заӊсыз алып өтуге тырысқан жүгі - 180 дана "Nokia" телефоны болып шықты.

Мемлекеттік шекара арқылы қазақстандық заӊдылықтарды бұзып тауар өткізуге тырысушылық дерегі бойынша акт толтырылып, ол жергілікті "Алтынкөл" кеден бекетіне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны