19.03.2013, 11:53 7534

19 наурызға арналған ауа райы болжамы

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлауынша, республиканың тек солтүстік бөлігі антициклон тарамының ықпалында болады, мұнда жауын-шашынсыз күн райы күтілуде.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальдық бөліктердің ықпалында болуда - бүгін жекелеген жерлерде көбіне жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлауынша, республиканың тек солтүстік бөлігі антициклон тарамының ықпалында болады, мұнда жауын-шашынсыз күн райы күтілуде.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы ықтимал.

Атырау облысында, түнде Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

Алматы облысында түнде және таңертең кей аумақтарда тұман, Алакөл көлдерінің аумағында желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жақын тәуліктерде Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде мұз қабатының одан әрі әлсіреуі күтіледі, мұз кептелісінің қалыптасуы, су деңгейлерінің күрт көтерілуі, тасқындар мен су басу жағдайлары болуы мүмкін. Тарбағатай, Зайсан, Аягөз, Үржар аудандарында тау бөктерлерінен сулар ағуы мүмкін. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының жекелеген өзендерінде көктемгі тасқынның одан әрі дамуы, су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Солтүстік облыстардың өзендерінде мұз қабатының баяу әлсіреуі байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны