Система Orphus

БҚО Теректі ауданының білім бөлімінің №1 орта мектебінің директоры пара алғаны үшін сотталды

01.12.2019, 20:46 34939

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - БҚО Теректі ауданының білім бөлімінің №1 орта мектебінің директоры пара алғаны үшін сотталды.

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "БҚО Теректі ауданының білім бөлімінің №1 Подстепнов орта мектебі" ММ-не әлеуметтік педагог-психолог ретінде жұмысқа орналастыру үшін азаматтан 300 мың теңге көлемінде пара алуда күдікті болған аталған мектептің директоры А.А.Қаймулдиновқа қатысты тергеуді аяқтаған болатын.

А.ж. 29 қарашада Теректі аудандық сотының үкімімен А.А.Қаймулдинов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен, 9 млн. теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны