12.12.2019, 13:14 18584

Қарағанды облысының №1 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы алаяқтық жасады деп күдіктелуде

Ол азаматты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на тиесілі "Казахстанская" шахтасына жерасты кен жұмыскері ретінде жұмысқа орналастыру үшін оның 500 мың теңге көлеміндегі қаражатын алдау арқылы иемденді деп күдіктелуде.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының №1 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы алаяқтық жасады деп күдіктелуде.

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қарағанды облысы бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Департаментінің №1 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол азаматты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на тиесілі "Казахстанская" шахтасына жерасты кен жұмыскері ретінде жұмысқа орналастыру үшін оның 500 мың теңге көлеміндегі қаражатын алдау арқылы иемденді деп күдіктелуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының кінәні мойындау туралы мәмілеге келуіне байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны