28.01.2021, 17:01 11339

1 ақпанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталады

2021 жылдың 2 ақпанынан бастап осы аталған банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.
Нұр-Сұлтан. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Ұлттық Банкінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі туралы еске салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 

2021 жылғы 1 ақпан – 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдайтын және ауыстыратын соңғы күні. Айырбастау тек қана жеке тұлғалар үшін Ұлттық Банктің филиалдарында ғана жүргізіледі. Осы аталған банкноттар қолда бар болған жағдайда, ҚҰБ-тің жақын маңдағы филиалына барып, 2021 жылдың 1 ақпан күні сағат 15:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып алуды сұраймыз", - деді ҚҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

 
2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны