07.09.2015, 19:30 4240

1 500-ге жуық қазақстандық ҚР ҚК бөлімдерінде әскери-оқытылған резервтіӊ дайындығынан өтеді

Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде әскери міндеттілермен әскери жиындар бастау алды. 1 500 қазақстандық ер-азамат екі апта бойы ҚР ҚК шынайы жауынгерлік әскери бөлімдері мен әскери полиция жасақтарында әскери қызмет өткеретін болады

Астана. 7 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде әскери міндеттілермен әскери жиындар бастау алды. 1 500 қазақстандық ер-азамат екі апта бойы ҚР ҚК шынайы жауынгерлік әскери бөлімдері мен әскери полиция жасақтарында әскери қызмет өткеретін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жиындар жүйелі түрде әскери-оқытылған резервтіӊ құрамын толықтыру және Қазақстан Қарулы Күштерініӊ, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарыныӊ жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру мақсатында өткізіледі", - деп түсіндірді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Тәжірибелі әскери қызметшілердіӊ басшылық етуімен әскери міндеттілер жауынгерлік даярлық пен әскери іс негіздерін зерделейді, жеке әскери мамандықтарды, қару-жарақ пен техниканы меӊгереді. Аяқталысымен олар жиын оқу бағдарламасын игергенін, соғыс уақытында тағайындалуы мүмкін әскери есепке алу мамандықтары мен лауазымдарға сәйкес келуін растап, емтихан және сынақ тапсыруы тиіс.

Искери-оқытылған резерв бағдарламасын сәтті аяқтағандарға кезекті әскери атақтар беріледі.

Жиын қатысушылары арасында офицерлер, сержанттар және запастағы сарбаздар екенін атап өткен жөн. Олардыӊ ішінде, сондай-ақ әскери қызметке алғаш жолданғандар да бар. Бес күн ішінде олар міндетті түрде әскери ант қабылдайды.

Бүгінгі күні жиын Қапшағайда өтіп жатыр. 9 қыркүйектен бастап Қарағандыдағы, Отардағы және Семейдегі Құрлық әскерлерініӊ әскери бөлімдерінде, сондай-ақ Қарағанды, Семей, Тараз, Алматы және Шымкент гарнизондарыныӊ әскери полиция жасақтарында басталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны