15.02.2012, 15:14 3614

1 қаңтарда Қазақстандағы халық саны 16 млн. 675 мың адамға жетті

"Оның ішінде қала халқы - 9 млн. 144 мың (54,7 пайызы), ал ауылдық жерлерде - 7 млн. 560 мың адамды құрады. 2011 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 233 мың адамға немесе 1,4 пайызға өсті",-деді төраға.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстандағы халық саны ағымдағы деректер бойынша 16 млн. 675 мың адамды құрады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Оның ішінде қала халқы - 9 млн. 144 мың (54,7 пайызы), ал ауылдық жерлерде - 7 млн. 560 мың адамды құрады. 2011 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 233 мың адамға немесе 1,4 пайызға өсті",-деді төраға.

Өткен жылы АХАТ органдарында 372 туған бала тіркелді. Бұл 2010 жылмен салыстарғанда 1,6 пайызға артық. "Осы кезең ішінде 191 мың ер бала және 180 мың қыз бала дүниеге келді. Жалпы 100 қызға 106 ұлдан",-деді И. Смайылов.

Былтырғы 12 айда өлім-жітім 144 мың адамды құрады. Оның ішінде 79,7 мыңы - ерлер, 64,9 мыңы - әйелдер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны