19.10.2012, 13:29 3315

1 қаңтарынан бастап "Астана-Достық" бағытында жаңа теміржол бағыты іске қосылады

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа "Астана-Достық" теміржол бағыты іске қосылады деп жоспарланып отыр. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Үкіметке сәйкес Қаулының жобасын қарауға ұсынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Астана. 19-қазан. Kazakhstan Today - 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа "Астана-Достық" теміржол бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа "Астана-Достық" теміржол бағыты іске қосылады деп жоспарланып отыр. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Үкіметке сәйкес Қаулының жобасын қарауға ұсынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Илеуметтік маңызы зор жаңа маршрут аталмыш бағыт бойынша жолаушылар тасымалына мұқтаж халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында ашылады. Бұрын "Астана-Достық" бағыты бойынша жолаушылар тасымалы болмаған", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп әлеуметтік маңызды теміржол қатынасының санын көбейту жұмысы аясында жаңа маршруттар тізіміне "Астана - Орал" және "Павлодар - Қарағанды" қатынастарын қосуды қарастыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны