24.04.2015, 20:37 5192

1 мамырда Астанада жолдардағы қозғалыс жартылай шектеледі

Мерекелік шараларға дайындық жұмыстарын өткізуге байланысты Астана қаласында 23-30 сәуір аралығында Тәуелсіздік даӊғылыныӊ бойында А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі жолдарда қозғалыс жартылай шектеледі

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Мерекелік шараларға дайындық жұмыстарын өткізуге байланысты Астана қаласында 23-30 сәуір аралығында Тәуелсіздік даӊғылыныӊ бойында А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі жолдарда қозғалыс жартылай шектеледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

1 мамыр күні сағат 7.00-13.00 аралығында Тәуелсіздік даӊғылы, Б. Момышұлы даӊғылынан Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін, Ш. Қалдаяқов көшесі М-3 жолайырығынан Обаған көшесіне дейін, Р. Қошқарбаев көшесі Б. Момышұлы даӊғылынан Сарыкөл көшесіне дейін, Айнакөл көшесі Сарыкөл көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін жолдар жабылады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Мерекелік шаралар өткізілген уақытта 1 мамыр күні қоғамдық көліктіӊ қозғалыс кестесіне де өзгертулер енгізіледі:

№3 бағыттағы автобустыӊ қозғалыс кестесі Тәуелсіздік даӊғылынан Р. Қошқарбаев көшесіне дейін шектеліп, Б. Момышұлы даӊғылынан бұрылады және М. Жұмабаев көшесі арқылы "Сарайшық" ТА дейін жүреді. Кері қайтарда Р. Қошқарбаев көшесі арқылы жүреді.

№ 4, 14 бағыттағы автобустардыӊ қозғалысы Тәуелсіздік даӊғылынан Р. Қошқарбаев көшесіне дейін шектеледі;

№19, 40 бағыттағы автобустардыӊ қозғалысы Тәуелсіздік даӊғылынан Р. Қошқарбаев көшесіне дейін шектеліп, Б. Момышұлы даӊғылында М-1 көпірі арқылы кері бұрылады;

№ 21 бағыттағы автобустыӊ қозғалысы Сығанақ көшесінен Орынбор көшесіне дейін шектеледі;

№ 32 бағыттағы автобустыӊ қозғалысы Айнакөл көшесінен - М. Жұмабаев көшесі - Б. Момышұлы даӊғылындағы М-1 көпірі бойында шектеледі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны