12.06.2015, 13:53 4212

1 маусымнан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемдер тағайындау оӊайлатылады

Вице-министр атап өткендей, қазіргі уақытта ҚР ДСИДМ әлеуметтік-еӊбек саласында көрсететін 36 қызметтіӊ 15-і түрлендірілген. Мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру операциялық шығындарды азайтуға, ұсынылатын қызметтердіӊ қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға арналған композиттік қызмет енгізіледі. Енді жұмыспен қамту орталықтарында тіркеу кезінде азаматтар жұмысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындауға құжаттарын рәсімдей алады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық комминикациялар қызметінде "ҚР ДСИДМ мемлекеттік функциялары мен қызметтерін автоматтандыру есебінен халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Вице-министр атап өткендей, қазіргі уақытта ҚР ДСИДМ әлеуметтік-еӊбек саласында көрсететін 36 қызметтіӊ 15-і түрлендірілген. Мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру операциялық шығындарды азайтуға, ұсынылатын қызметтердіӊ қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олар: мүгедектігі, жасы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға; арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға; 1 және 2-ші тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алуға; еӊбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлемдер алуға; базалық зейнетақы төлемдерін алуға; атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарды рәсімдеу. Тағы 4 мемлекеттік қызмет түрі, атап айтқанда, жасына қарай мемлекеттік жәрдемақы, базалық зейнетақы, жұмысынан айырылу жағдайы және бала күтімі бойынша берілетін әлеуметтік төлемдер "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі.

Светлана Жақыпова ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап жұмысынан айырылған азаматтар үшін композиттік қызмет енгізілгенін мәлімдеді. Енді азаматтар жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз ретінде тіркеліп қана қоймай, жұмысынан айырылған жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындауға құжаттарын рәсімдей алады.

Осылайша, жұмыссыз ретінде тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы тұлғаға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына қосымша барудыӊ қажеті жоқ.

Сонымен қатар, Светлана Жақыпова Ақмола облысыныӊ Аршалы ауданында ағымдағы жылғы 16 маусымда ауылдық округтер әкімдерініӊ қызметін автоматтандыру жөніндегі бағдарлама пилоттық режімде іске қосылғанын еске салды.

Бағдарламаныӊ басты мақсаты - ауылдық округтерде тұратын жұмыссыздарды, аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмысшыларды есепке алу.

Аталған бағдарламаны енгізу:

- ауылдық округтерде өз бетімен жұмыс істейтін және аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмысшыларды есепке алуды жүйелендіруге;

- еӊбек ресурстарыныӊ теӊгерімін жасауға;

- тұрғындардыӊ мақсатты топтарын жұмыспен қамтуды қолдау шараларын анықтауға;

- ішкі еӊбек көші-қонын анықтауға;

- өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтарды нысандандыруға;

- ауыл тұрғындарыныӊ жеке қосалқы шаруашылықтары бар-жоғы туралы мәліметтерді жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Ақмола облысыныӊ Аршалы ауданында іске асырылған бағдарламаныӊ нәтижесіне қарай оны республиканыӊ өзге өӊірлерінде енгізу мәселесі қарастырылады.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтыӊ бас директоры Біржан Жүнісов әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мемлекеттік қызметтер алу тәртібін оӊайлату жөнінде азаматтарға кеӊес беру мақсатында республиканыӊ алыстағы елді мекендеріне баратын мобильдік топтардыӊ жұмысы туралы баяндады.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсетуге Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтыӊ, "Қазпошта" АҚ-ныӊ және Халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ 830 қызметкері тартылды. 2015 жылғы 16 наурыз бен 8 маусым аралығында 6890 азамат мамандардыӊ көмегіне жүгінген. Олардыӊ ішінде 4164 адам түрлі әлеуметтік төлемдер рәсімдеу мәселелері жөнінде кеӊес алды, 1549 адамнан реквизиттерін өзгертуге өтініштер қабылданды, 1177 адам зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындауға құжаттарын өткізді.

Аталған мерзімде мобильдік топтар еліміздіӊ барлық өӊірлерінде 956 алыс ауылдық округті қамтып, 2260 рет, оныӊ ішінде жоспардан тыс 12 рет жолға шықты.

Зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындауға өткізілген барлық өтініштер бойынша істердіӊ электрондық макеттері жасалып, өкілетті органныӊ қарауына бағытталды. Ағымдағы жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша, 1109 өтініш берушіге зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктері мен хабарламалар мобильдік топтыӊ келесі сапарында азаматтарға жеткізіледі.

Мобильдік топтардыӊ жұмысы пилоттық режімде жылдыӊ соӊына дейін жалғасады. Азаматтардыӊ тұратын жерлеріне барып қызмет көрсету (құжаттар қабылдау және шот ашу) жайлылықты және оӊайлатылған тәртіпті қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызмет көрсетуге кететін шығын мен уақытты үнемдейді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны