02.04.2018, 15:44 3878

1 сәуірден бастап «Алматы-Ұзынағаш» электричкасы екі реттен жиі жүретін болады

Алайда, "Алматы-Қапшағай" автомобиль трассасыныӊ пайдалануға берілуіне орай "Алматы-Қапшағай" теміржол бағытында жолаушылар легі төмендеген. Сондықтан Алматы әкімдігі істіӊ экономикалық маӊызын ескере келіп аталған бағыттағы теміржол қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan Today - "Алтын Орда" базары маӊындағы авотомобиль жолдарын қайта жасау жұмыстарыныӊ басталуына және жолдыӊ осы бөлігінде көлік кептелісініӊ көп белеӊ алуына, сонымен қатар жолаушы легініӊ артуына орай "Алматы-Ұзынағаш" теміржол бағытындағы қозғалыстарды күніне 2-ден 4 рейске дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Еске салсақ, Алматы қаласыныӊ әкімдігі 2017 жылы "Алматы-Қапшағай" және "Алматы-Ұзынағаш" теміржол бағыттарын ашқан еді. Аталған бағыттарды субсидиялау нәтижесінде жол ақысы 80 теӊге болды әрі бұл шара жолаушыларды көлікпен заӊсыз тасымалдаумен айналысатындардыӊ жолын кесті.Бұлардан өзге, бағыт вагондарына "Оӊай" терминалдары орнатылған, бұл жолаушыларға кассаға бармай-ақ жолақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Алайда, "Алматы-Қапшағай" автомобиль трассасыныӊ пайдалануға берілуіне орай "Алматы-Қапшағай" теміржол бағытында жолаушылар легі төмендеген. Сондықтан Алматы әкімдігі істіӊ экономикалық маӊызын ескере келіп аталған бағыттағы теміржол қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны