30.03.2012, 15:31 3621

1 сәуірден бастап Қазақстанның барлық өңірінде электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай тарифті саралаудың 3 деңгейі енгізіледі

Алматы өңіріндегі энергия көздерінде бағаның өзгеруіне байланысты Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифі көтеріледі,- деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Алматы. 30-наурыз. Kazakhstan Today - 1 сәуірден бастап Қазақстанның барлық өңірінде электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай тарифті саралаудың 3 деңгейі енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы өңіріндегі энергия көздерінде бағаның өзгеруіне байланысты Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифі көтеріледі,- деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"АлматыЭнергоТұтыну" ЖШС-нің хабарламасына қарағанда, Алматы қаласы мен Алматы облысы өңірін электр энергиясымен қамтамасыз ететін электр станциялары 1 сәуірден бастап электр энгергиясына босату бағасын өзгертеді. Ол ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 "Шекті тарифтерді бекіту туралы" Қаулысына сәйкес жүргізілді. Жалпы электр энергиясын босату тарифінің негізгі құраушысы оның көтерме нарықтағы бағасы. Сондықтан 1 сәуірден бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу департаменті Алматы қаласы мен Алматы облысы өңірінің тұтынушыларына электр энергиясына 12% ҚҚС есептегенде 1 кВсағ үшін 13,20 теңге мөлшерінде орташа есептік тарифті бекітті.

"Жеке тұлғалардың электр энергиясына тәулік мезгілі бойынша және тұтыну көлеміне қарай тарифтарды саралау ережесіне" ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығымен енгізілген толықтыруларға сәйкес, 1 сәуірден бастап Қазақстанның барлық өңірінде электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай тарифті саралаудың 3 деңгейі енгізіледі. Бір мезгілде, бұл құжат жалғыз ілікті жасына қарай зейнеткерлерге, мүгедектерге, Ұлы отан соғысына қатысқандарға және оларға теңестірілген тұлғаларға жеке жеңілдіктер мөлшерін енгізуді көздейді. Сондай-ақ, орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етілмеген үйлердің тұрғындары мен газбен қамтамасыз етілмеген аудан тұрғындарын электр плитасын қолданатын тұлғаларға теңестіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны