31.03.2008, 12:34 3706

1 сәуірден бастап Семей - Қызылорда және Семей - Қарағанды бағытындағы жаңа темір жол бағыттары ашылды

1 сәуірден бастап Семей - Қызылорда және Семей - Қарағанды бағытындағы жаңа темір жол бағыттары ашылды

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - 1 сәуірден бастап Семей - Қызылорда және Семей - Қарағанды бағытындағы жаңа темір жол бағыттары ашылды. Бұл туралы "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаңа бағыттарға арналған билеттер сатыла бастады. Жаңа бағыттардың билет құны орташа республикалық деңгейден артпайды.

Өткен жылдың аяғында Семейден шығатын жолаушы тасымалының географиясы Ташкент - Новосибирск поезының бағытын Шығыс Қазақстан облысы арқылы жүретін болғызып ауыстыру арқылы кеңейтілген.

Ағымдағы жылы облыс тұрғындары арасында Қарағанды мен Қызылордаға дейінгі бағыттарға деген сұраныстың өсуіне байланысты екі ішкі бағыт ұзартылды.

Семей - Қызылорда бағыты бұрын Алматыға қарай жүрген поезд рейсін ұзарту арқылы пайда болды, деп нақтылайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны