01.07.2013, 11:42 2920

1 шілде күні еліміздің басым аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады

2013 жылдың 1 шілдесінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикада ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, екпінді жел және шаңды дауыл соғады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - 1 шілде күні еліміздің басым аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың 1 шілдесінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикада ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, екпінді жел және шаңды дауыл соғады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

"Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с жетеді, Атырау облысында жел 25 м/с дейін күшейіп, бұршақ жауады. Алматы, Оңүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында шаңды дауыл соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн ыстық болады. Еліміздің солтүстік-батысы, солтүстік-шығысы, шығысы, оңтүстігі мен орталығының кей аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады", - делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны