22.04.2013, 12:47 3145

1 шілдеден бастап елімізге ескі автокөліктер кіргізуге тыйым салынады

Өткен аптада ғана еліміздің автокөлік жасаушылары "ескі көліктерді қалай кәдеге жаратамыз", деп бас қатырған. Сала мамандары ақыры ол үшін арнайы бағдарлама қабылдауға уағдаласып тарқасты. Соңғы деректерге қарағанда, қазір Қазақстан жолдарында 4 миллионнан астам автокөлік жүйткіп жүр. Олардың орташа жасы - 19 жыл.

Астана. 22-сәуір. Kazakhstan Today - Енді 2 айдан кейін елімізге ескі автокөліктерді кіргізуге тыйым салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Үкіметтің 6 ақпанда қабылдаған Қаулысына сәйкес, 1 шілдеден бастап ел аумағына 2005 жылдан бұрын шығарылған машиналар енгізілмейді.

Өткен аптада ғана еліміздің автокөлік жасаушылары "ескі көліктерді қалай кәдеге жаратамыз", деп бас қатырған. Сала мамандары ақыры ол үшін арнайы бағдарлама қабылдауға уағдаласып тарқасты. Соңғы деректерге қарағанда, қазір Қазақстан жолдарында 4 миллионнан астам автокөлік жүйткіп жүр. Олардың орташа жасы - 19 жыл.

"Айта кету керек, ел Үкіметі қабылдаған Қаулы автокөліктердің қоршаған ортаға тастайтын қалдықтарын азайтуды көздейді. Атқарушы билік осындай қадам арқылы елге кіргізілетін көліктердің Еуро-4 стандартына сай болуын қамтамасыз етпек", деп түйіндейді Қазақстан телеарнасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны