30.11.2017, 14:29 13473

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне орай "Ел тірегі - Елбасы" кездесу кеші өтті

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне орай "Ел тірегі - Елбасы" кездесу кеші өтті.

Қызылорда. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне орай "Ел тірегі - Елбасы" кездесу кеші өтті. Оған облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық этномәдени бірлестік басшылары, белсенді мүшелері, облыстық ҚХА құрылымдары, зиялы қауым өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студент жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты жиын басталмас бұрын оқушылардыӊ арнайы дайындаған "Ел тірегі - Елбасы" атты әдеби композициясы орындалды.

Кездесу кешініӊ модераторы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығыныӊ басшысы Ләйлә Төрешова: "Елбасы басшылығымен Қазақстан өз мемлекеттілігін барлық нышандары бар, этносаралық және конфессияаралық келісіммен жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстыӊ өкілі бейбіт өмір сүріп, еӊбек етіп жүрген, теӊ құқылы мемлекет ретінде қалыптастырды.

Елімізді тар жол-тайғақ кешу талай кезеӊдерден сүріндірмей, әлем мойындаған мемлекеттіӊ негізін қалады. Сондықтан елдегі игіліктердіӊ барлығы Тұӊғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ есімімен тығыз байланысты. Елбасы тәуелсіздік жылдары Қызылорда облысыныӊ, ондағы еӊбексүйгіш халықтыӊ ертеӊіне қажетті бірнеше ірі жобалардыӊ іске асуына бастамашы болды. Елбасыныӊ Сыр еліне жасаған әрбір сапарынан мұндағы халықтыӊ келешекке деген сенімі арта түседі. Мемлекет басшысыныӊ бағдарламалық мақаласын орындау мақсатында облыстық ассамблея "Ұлы дала елі" тарихи-танымдық экспедициясы мен "Өӊірлік қайырымдылық жасаушылар форумы" секілді жобаларды іске асырды. Аталған іс-шаралар облыстыӊ маӊызды жобалар тізбегіне енгізілді", -деді.

Салтанатты бас қосудыӊ алғы сөзі облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемовке берілді. "Тәуелсіздіктіӊ небәрі 25 жылдығы ішінде бағындырған белестеріміз жетерлік. Алда алар асуларымыз одан да көп. Бүгінде еліміз дамудыӊ даӊғылына түсе отырып, әлемдегі озық елдердіӊ қатарынан ойып тұрып орын алды. Бұл еліміздіӊ шыӊға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуына аянбай еӊбек еткен Елбасыныӊ арқасы екені бүгінде баршамызға аян. Бұл мерекеніӊ тойлануыныӊ өзіндік халыққа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанныӊ тарихын танып, оныӊ ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаныӊ аянбай еӊбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады",-деді.

Кездесу барысында Елбасы өмірінен сыр шертетін Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті туралы деректі фильмніӊ көрсетілімі болды. Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ құрылымдарыныӊ өкілдері, этномәдени бірлестіктіӊ жетекшілері сөз сөйлеп, мерекелік күнге орай ой-пікірлерін ортаға салып, жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлайды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны