03.12.2018, 22:50 10933

1-желтоқсан ҚР тұӊғыш Президент күніне орай Жамбыл облысында 41 нысан ашылды

Тараз қалалық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Шара барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жиналғандарды ҚР тұӊғыш Президенті күнімен құттықтап, мерекеніӊ мазмұндылығына тоқталды.

Тараз. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫӉ ИЛ-АУҚАТЫНЫӉ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" атты халыққа Жолдауындағы басым міндеттерді орындау бойынша барлық өӊірлерде өркенді істер қолға алынуда.

Жамбыл облысында да халықтыӊ тұрмыс сапасын арттыруға негізделген ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар аз емес. Оныӊ бір нәтижесі ретінде облыста 1-желтоқсан ҚР тұӊғыш Президент күніне орай 41 нысан ашылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Елбасы Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтыӊ әлеуметтік көӊіл-күйініӊ аса маӊызды компоненті болып саналатыныӊ баса айтты десек, мереке қарсаӊында ашылған 41 нысанныӊ 32-сі медициналық мекемелер.

"Еӊ алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектіӊ қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет.Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудыӊ жаӊа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерініӊ жалақысын кезеӊ-кезеӊмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын. Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теӊге бөлінеді. 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс.Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардыӊ электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді" - деген болатын Мемлекет басшысы.

Бүгінгі таӊда облыс көлемінде халық денсаулығыныӊ сапасын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жекеменшік секторды жекеменшік секторды жұмылдыра отырып, қаржыландыру мен басқарудыӊ жаӊа әдістері қолданылуда. Медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша инновациялық әдіс-тәсілдері енгізіліп, жаӊа ғимараттар мен нысандардыӊ құрылысы жүргізілді.

Мереке қарсаӊындаоблыс орталығы Тараз қаласында медицицикалық жедел жәрдем стансасына берілетін автокөліктердіӊ кілтін тапсыру салтанаты өтті. Бұл күні барлығы жалпы саны 27 көлік тапсырылды. Оныӊ 1-і газель мен 16-ы уаз көлігі.

Дәрігер, соныӊ ішінде жедел жәрдем дәрігері - қоғамдағы еӊ қажетті мамандық. Бұл өте күрделі, жанқиярлықты, кейде адам өмірін құтқаруда шұғыл шешім қабылдауды талап етеді. Медицина қызметкерлерініӊ тәжірибесі, оларға тән адам өмірі мен денсаулығына деген жоғары жауапкершілігі реформалардыӊ сәтті жүзеге асырылуыныӊ және қоғамныӊ тұрақты дамуыныӊ кепілі. Яғни, қоғамныӊ басты байлығы - адам өмірін сақтап қалуда елеулі еӊбек етіп отырған жедел жәрдем қызметініӊ, олардыӊ техникалық жағдайыныӊ жақсы болуыныӊ маӊызы зор екендігін айтпасақ та түсінікті.

Бұдан бөлек, ашылған 32 медициналық нысанныӊ 29-ы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтереген. Оныӊ 13-і ауысымына 5 келушіге арналған медициналық пункттер. Олар Байзақ ауданындағы Шахан, Көкөзен, Жаӊатұрмыс, Жібекжолы, Сарыбарақ, Тегістік, Қордай ауданындағы Көкадыр, Меркі ауданындағы Екпінді,Сарысу ауданындағы Шағалалы, Қамқалы, Т.Рысқұлов ауданындағы Шолаққайыӊды, Талас ауданындағы Сейілбек, Тұрымқұл ауылдарындаорналасқан.

Сондай-ақ, бұл күндері Байзақ ауданындағы Ынтымақ, Жамбыл ауданындағы Бектөбе, Бесағаш, Гродекова, Пригородное, Ақбұлым, Түркісіб, Жуалы ауданындағы Шақпақата,Меркі ауданындағы "Мыхан", Сарысу ауданындағы Игілік, Шу ауданындағы Шоқпар ауылдарында 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді.

Ал, ауысымына 10 келушіге арналған 7 фельдшерлік-акушерлік пунктБайзақ ауданындағыАймантөбе,Жамбыл ауданындағы Ерназар, Меркі ауданындағы Екпінді, Мойынқұм ауданындағы Ұланбел, Көкжелек, Сарысу ауданындағы Ұйым, Т.Рысқұлов ауданындағы Қарақат, Шу ауданындағы Тасөткел ауылындарында ашылды.

Айта кету керек, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген 29 медициналық нысанға барлығы 843 миллион теӊге қаржы жұмсалған. Аталған мемлекеттік жекешелік әріптестік шеӊберіндегі бұл нысандардыӊ құрылысын салу барысында өзге өӊірлердегі бюджеттік инвестициялық жобалармен салыстырғандағы құны төмен болып, 1,4 млрд теӊге бюджеттік қаражат үнемделді.

Бұл арқылы ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық көмек көрсету қажеттілігі 84 пайызға қамтылады. Ал, жалпы облыста 95 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына ғимарат қажет болатын. Бұл бюджеттік инвестициялық жоба ретінде жүзеге асырылғанда, оған жалпы 6 567,6 миллион теӊге және 7 жыл уақыт керек болатын. Ал, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салу арқылы мерзімін 3 жылға, жұмсалатын қаржы көлемі 2 376 миллион теӊгеге үнемделді. Нақтырақ айтқанда 4 жыл уақыт және 4 192 миллион теӊге қаржы үнемделіп отыр. Яғни, 95 нысанныӊ 29-ы биыл ашылса, 2019 жылы 40, 2020 жылы 25 нысан бой көтереді деп жоспарлануда.

ҚР Тұӊғыш Президент күніне орай Жамбыл облысында халықтыӊ медициналық мекемелерге деген қолжетімділігін арттыруға арналған бұл нысандардан бөлек, жұртшылықтыӊ әлеуметтік тұрмыс сапасын арттыруға негізделген мекемелер де ел игілігіне берілді. Атап айтар болсақ, Тараз қаласында полиция басқармасы №1 полиция бөлімініӊ қабылдау бөлмесі,Жамбыл ауданында "Мөлдір", Жуалы ауданында "Исем достар" жекеменшік балабақшалары, Қордай ауданында 75 орындық "Балалық-шуағы", 50 орындық "Нұр-Иділ"", 50 орындық "Балалық базары" балабақшалары және 120 орындық "Болашақ" шағын орталығы, Т.Рысқұлов ауданында 120 орындық "Бота" бөбекжай, Ауқатты ауылдық полиция бөлімшелері ашылды.

Мереке қарсаӊында пайдалануға берілген бұл барлық 41 нысан алдаға уақытта Елбасы Жолдауындағы негізгі міндеттердіӊ орындалуы жолында ел игілігіне жұмыс жасай бермек.

Сондай-ақ, Тараз қалалық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Шара барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жиналғандарды ҚР тұӊғыш Президенті күнімен құттықтап, мерекеніӊ мазмұндылығына тоқталды. Бірқатар азаматтар "Астананыӊ 20 жылдығы" мерекелік медальімен марапатталды. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, ән-биден шашу шашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны