08.11.2006, 10:46 2517

2006 жылдың 9 айында Маңғыстау облысында қоршаған ортаны ластайтын заттар мен өндіріс қалдықтарының саны өсе түскен

АҚТАУ. 8 қараша. Kazakhstan Today. 2006 жылдың 9 айында Маңғыстау облысында қоршаған ортаны ластайтын заттар мен өндіріс қалдықтарының саны арта түскен. Бұл туралы Kazakhstan today агенттігінің тілшісіне Маңғыстау аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасынан хабарлады.

Эколог мамандардың мәліметтерінше, 2006 жылдың 9 айында ластағыш заттардың көлемі 39,9 мың тоннаға жеткен. Ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 25,6 мың тонна болатын. Мамандардың айтуынша, қоршаған ортаның ластана түсуін мұнай өндіру, жаңа ұңғыларды бұрғылау мен өндіріс қалдықтарына рұқсат алған компаниялар санының артуымен тікелей байланыстырады.

Сонымен қатар экологтар табиғатқа кері әсерін тигізіп отырған себептердің бірі деп "Қазақтүркмұнай" ЖШС-нің "Тасым" және "Шығыс Сазтөбе" кен орнында тәжірибелі өндірістік эксплуатация жасауы және де "МАЭК-Қазатомпром" ЖШС жылу стансаларына басты жағар май ретінде қолданатын мазут пайдаланудың өсуін атап көрсетуде.

Экологтардың деректерінше, биылғы жылдың 9 айында ластағыш заттарды тастау 5 есе көбейіп, 78 мың тоннаға жеткен. Ал 2005 жылы қоршаған ортаға 14 мың тонна ластағыш заттар тасталған. Маңғыстау аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметтерінше, 9 ай ішінде қалдықтар көлемі 341 мың тоннаға жеткен. Бұл ластағыш заттарды көмуге рұқсат алған шағын өнідірістер санының көбеюіне байланысты. Эколог мамандар бұл көрсеткіштер белгіленген межеден едәуір асып кеткендігін айтып, алаңдаушылық білдіруде. Белгіленген меже 102 мың тонна болуы тиіс болатын. Ал 9 айда қалдықтар көлемі 341 мың тоннаға жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны