18.01.2007, 17:41 2935

2006 жылы Алматыда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар 9,6% артқан - әкімнің орынбасары

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылы Алматыда 4 132 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6% көп. Бұл жөнінде қалалық әкімшілік жанындағы төтенше жағдайды ескерту және олардың зардабын жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Яков Заяц мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Шешілуі тиіс проблемалар аз емес. 2006 жылы 4 132 төтенше жағдай тіркелген, өкінішке орай өткен жылмен салыстырғанда 9,6% көбейген",-деді Я.Заяц. "Жол апатынан (оның саны 10% ұлғайған) 3 мыңнан астам адам зардап шексе, 236 адам көз жұмды",-деп атап өтті ол.

Икім орынбасарының мәліметінше, өткен жылы Алматыда 1 240 өрт болған, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 12,7% көп. Я.Заяц тілсіз жау көбіне жеке үйлерде тіркелгенін айтты. "Адамдардың газдан улануы күрделі мәселе боп тұр, қыста күн сайын газдан уланған адамдар туралы хабар естиміз",-деді ол.

Алматы қалалық жасақ дайындау, азаматтық қорғаныс, апатты және табиғи құбылысты ескерту және жою жөніндегі департаменттің мәліметі бойынша, өткен жылы қалалық құтқару қызметінде 10 мыңға жуық жағдай бойынша оқиға орнына шыққан, онда 1100 адамға, оның ішінде 344 балаға көмек көрсетілген. 2006 жылы Алматыда күзетілетін инженерлік коммуникациялық аймақта 1 280 заң бұзушылық тіркелген, оның 474 күзетілетін газ құбыры аймағында, 188 жылу жүйелерінде, 215-электр желілерінде және 403-су және канализация желісінде тіркелген.

Сонымен қатар, өткен жылы қаланың өндіріс нысандарында 292 тосын оқиға болған, соның салдарынан 306 адам жапа шекті, 48 адам көз жұмды, 41 кісі ауыр дәрежеде жарақат алды. Жол апатынан зардап шеккендер саны 13%, қаза тапқандар - 6% артқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны