20.03.2007, 15:30 3114

2006 жылы автотранспорт саласындағы шаруашылық субъектілеріне 3,6 млн теңге айыппұл салынған - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. 2006 жылы автотранспорт саласындағы шаруашылық субъектілеріне әшкереленген заң бұзушылықтары үшін 3,6 млн теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің көлік бақылау комитеті 2006 жылы автотранспорт саласында іс-қызмет атқаратын 1258 шаруашылық субъектілерін тексерген. Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық органдары жұмысының нәтижесі бойынша заң бұзған 888 шаруашылық субъектілері анықталған.

Тексеру нәтижесінде, 799 хаттама толтырылып, жалпы көлемі 3,6 млн теңгені құрайтын айыппұл салынған. Сонымен қатар, бұрындары берілген 799 нұсқамаларға бақылау тексеруі жүргізілген, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Тексеру барысында сонымен қатар автотранспорт саласындағы заң бұзушылықтар айқындалумен қатар шаруашылық субъектілерге автокөлік құралының Қазақстан аумағы арқылы жүріп өткені үшін төлейтін салық заңнамасында белгіленген алым түрінде 44,04 млн теңге төленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны