16.01.2007, 12:14 3278

2006 жылы Каспий теңізінің акваториясында мұнай өнімін апатты жағдайда төгуге қатысты 3 оқиға тіркелді

АҚТАУ. 16 қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылдың 12 айында Каспий айдынында мұнай өнімін апатты жағдайда төгуге қатысты 3 оқиға тіркелді, 2005 жылдың осы мерзімінде төрт оқиға тіркелді. Бұл жөнінде журналистерге облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының өкілдері хабарлады.

Басқарманың ақпаратына сәйкес, 2006 жылы мұнай өнімдерінің қалдықтарының теңізге төгілуіне қатысты 4 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Оларға жалпы сомасы 59,740 мың теңге көлемінде айыппұл салынған, ал өткен жылы осы уақыт аралығында бес адам жауапқа тартылып, 47,579 мың теңгенің айыппұлы салынған.

Есеп беру кезеңінде жалпы сомасы 44,290 мың теңгеге үш айыппұл алынды, ал 2005 жылы жалпы сомасы 47,579 мың теңгеге бес айыппұл салынған.

Басқараманың берген мәліметтері бойынша, өткен жылдың он екі айында 4 талап жасалған, 2005 жылдың осы мезгілінде - 4. Қойылған талаптардың сомасы есепті кезеңде 1651,471 мың тенгені құрады, 2005 жылдың осы кезеңінде 2065,808 мың теңге болған.

Сонымен қатар есепті кезеңде үш талап бойынша 1234,189 мың теңге өндіріп алынған, ал 2005 жылы төрт ескерту бойынша жалпы сомасы 2065,808 мың теңге өндіріп алыныпты.

Қазіргі кезде Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі аймағында Қашаған, Аташ, Бөбек, Түпқараған, Құрманғазы, Махамбет, Сәтпаев кеніштерінде сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасы Каспий теңізіндегі судың ахуалына үнемі мониторинг жүргізуде: "Ақтау халықаралық сауда айлағы " РМК аумағында қалалық жағажайларда, жақын маңайда орналасқан ауыл аумақтарында. Келесі ингридиенттерге сараптамалық бақылау жүргізілуде: мұнай өнімдері, фенол, нитриттар, нитраттар, аммоний азоты, темір, фосфат, тұздың құрамы, БПК 5 , ерітілген оттегі, кальций, магний, карбонат, гидрокарбонат, АПАВ, КПАВ,РН.

Басқармада атап өткендей, Каспий теңізі суының қалпына үнемі мониторинг жүргізудің нәтижесінде келесі ингридиенттер бойынша шекті-мүмкін концентрацияның жоғарылауы байқалмайды: мұнай өнімдері, фенол, нитрит, нитрат, аммоний азоты, темір, фосфат, тұз құрамы, БПК-5, ерітілген оттегі , кальций, магний, карбонаты, гидрокарбонаты, АПАВ, КПАВ, РН.

Экологтардың мәліметінше, теңіз портында мұнай қалдықтарының төгілуінен болған апатты жағдайда ғана мұнай өнімдеріне шекті-мүмкін концентрацияның жоғарылауы байқалады, "АММТП" РМК күшімен теңіз порты аумағындағы мұнай жойылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны