20.03.2007, 14:39 2907

2006 жылы қазақстандық автотасымалдаушыларға 27,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынған - Көлік және коммуникация министрлігінің көлік бақылауы

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. 2006 жылы анықталған заң бұзушылықтар нәтижесінде бірқатар қазақстандық автотасымалдаушылар әкімшілік жауапқа тартылып, 27,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің көлік бақылау комитетінің аумақтық органдары жұмысының нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4154 хаттама толтырылған.

Көлік бақылау комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы көлік бақылау бекетінде барлығы 111 мыңнан астам автобустар мен 556 мыңнан астам жүк көліктері тексерілген, олардың 408 247-і жүк алып өткен. Тексерілген көліктердің 5584-і автомобиль көліктері саласындағы заңды бұзған. Заң бұзушылардың арасында 1878 шетелдік және 3706 отандық көліктер тіркелген.

Атап айтқанда, тасымалдаушылар жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесін, ірі көлемдегі және ауыр жүктерді тасымалдау ережесін, рұқсат беру жүйесін қолдану ережесін, сонымен қатар жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзған, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны