19.01.2007, 13:59 3008

2006 жылы республиканың кеден органдары 705 қылмыстық іс, 12 мыңнан астам әкімшілік іс қозғаған

АСТАНА. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылы республиканың кеден органдары 705 қылмыстық іс, 12 мыңнан астам әкімшілік іс қозғаған. Бұл туралы бүгін қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А. Шәкіровтың ақпараттарына сүйенсек, айыппұл салу, тауарларды тәркілеу және шығынның орнын толтыру жолымен бюджетке 7,7 млрд. теңге құйылған, бұл 2005 жылғы көрсеткішпен (3,4 млрд. теңге) салыстырғанда 2,2 есеге көп.

Тікелей кеден шекарасында жалпы салмағы 243 кг-нан астам есірткі, соның ішінде 55 кг-нан астам героин контрабандасына қатысты 198 дерек әшкерленген, деп атап өтті А. Шәкіров.

Сонымен қатар, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барасында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 121 дерек анықталған, тәркіленген есірткінің салмағы 1,9 тоннаны құрап отыр. "Бақылаудағы жеткізілім" әдісі бойынша бірлесіп атқарған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ТМД-ның оңтүстік республикаларынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арқалы есірткінің ірі партиясын контрабандалық жеткізумен айналысатын бірқатар халықаралық ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтардың әрекеттеріне тосқауыл қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны