12.09.2006, 16:51 2892

2006-жылдың аяғына дейін бәсекелестікті дамыту және оны қорғау жөніндегі орта мерзімді бағдарлама үкіметке енгізіледі

АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. 2006-жылдың аяғына дейін бәсекелестікті дамыту және оны қорғау жөніндегі орта мерзімді бағдарлама үкіметке енгізіледі. Бұл туралы ҚР индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Қожахметов антимонополиялық заңнаманы қолдану мәселесіне арналған республикалық оқыту семинарында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл бағдарламаның стратегиясы ұлттық тауарлардың ішкі және сыртқы бәсекелестік қабілетін дамытуға түрткі болуға саяды",- деді Ж.Қожахметов. Оның айтуынша, "комитет үшін нормативтік құжаттардың жобасын жасаудағы басымдық - орта мерзімді перспективада Монополияға қарсы кодекстің жобасын жасау. Бұл заңның жобасы тек халықаралық стандарттарға сәйкес болып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалына да сай келуге тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны