17.08.2006, 17:58 2865

2006-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлердің үстінен 52 қылмыстық іс қозғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 17-тамыз. Kazakhstan Today. 2006-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Қызылорда облысында қызмет бабын асыра пайдаланған мемлекеттік қызметкерлердің үстінен 52 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыс атқамінерлерінің жиналысында облыс әкімі Икрам Адырбеков құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Егер 2005-жылдың І жартысында шенеуніктердің үстінен 35 қылмыстық іс қозғалса, биылғы жылдың көрсеткіші 52 болды",- деп мәлімдеді И.Адырбеков.

Мемлекеттік қызметкерлердің "бейпілдігінен" мемлекеттік бюджетке келген шығын көлемі, И.Адырбековтың мәліметіне сәйкес, 2006-жылы 92,9 млн. теңгені құрады. "Негізгі заң бұзушылықтар ретінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз қызмет пен көмек көрсетуді атауға болады",- деді облыс әкімі. Бір аудан әкімі мен алты ауылдық округтің әкімі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Облыс атқамінерлерінің жиналысы барысында "Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 2006-2010-жылдарға арналған облыстық бағдарламаның" жүзеге асырылуына қойылатын бақылауды күшейтуге шешім қабылданды. Қызылорда облысында жергілікті беделді азаматтардан қоғамдық кеңес құрып, Арал өңіріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы барлық материалдар жарық көретін арнаулы сайт ашу көзделіп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны