23.05.2016, 13:30 4280

2007-2015 жылдар аралығында Қазақстанда медициналық кадрлар жетіспеушілігі 34%-ға төмендеді

Денсаулық сақтау жүйесін мамандармен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 2007-2015 жылдар аралығында Қазақстанда республикалық және аймақтық деӊгейде медицина кадрларыныӊ жетіспеушілігі 34%-ға немесе 2 мыӊнан астам адамға азайды. 2005-2010 жылдар аралығында медициналық ЖОО-да түлектер санын арттыру барысында барлық мамандықтар бойынша дәрігерлер жетіспеушілігі төмендеді

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау жүйесін мамандармен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 2007-2015 жылдар аралығында Қазақстанда республикалық және аймақтық деӊгейде медицина кадрларыныӊ жетіспеушілігі 34%-ға немесе 2 мыӊнан астам адамға азайды. 2005-2010 жылдар аралығында медициналық ЖОО-да түлектер санын арттыру барысында барлық мамандықтар бойынша дәрігерлер жетіспеушілігі төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аймақтарды медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай - ҚР ДСИДМ) келесі кешенді шараларды жүзеге асыруда:

- ҚР ДСИДМ бастамасымен 2011 жылы "Білім туралы" ҚР Заӊына медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік бюджет есебінен білім алған түлектердіӊ 3 жыл ішінде міндетті түрде жұмыспен өтеуі туралы норма енгізілді. Жоғарыда аталған түзетулер күшіне енгеннен кейінгі медициналық ЖОО-на түскен студенттердіӊ алғашқы түлектері 2019 жылы оқуларын аяқтайды;

- облыс, Астана, Алматы қалаларыныӊ әкімдіктерімен денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердіӊ жетістіктері, оныӊ ішінде дәрігерлік кадрлардыӊ жетіспеушілігін төмендету бойынша 2013-2016 жылдарға арналған меморандумдар жасалды;

- жыл сайын еліміздіӊ барлық медициналық ЖОО-да ҚР ДСИДМ, облыстық, Астана және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармалары өкілдерініӊ, медициналық ұйымдардыӊ бас дәрігерлерініӊ және түлектердіӊ қатысуымен бос орындар жәрмеӊкелері өткізіледі. Оныӊ нәтижесінде жас мамандар еліміздіӊ өӊірлеріндегі медициналық ұйымдарға жұмыс істеуге жіберіледі;

- медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мен оларды өӊірлерге бөлу бойынша жыл сайынғы ҚР ДСИДМ жол картасына сәйкес жас мамандарды бекітуді жеке-жеке бақылау жүзеге асырылуда.

Естеріӊізге сала кетейік, медициналық кадрлардыӊ жетіспеушілігі мәселесін шешу - ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясындағы ҚР ДСИДМ жұмысыныӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны