11.12.2007, 16:46 1677

2007 жылдың 1 қарашасындағы жағдаймен Қазақстандағы ауыл тұрғындарының саны жалпы халық санының 47,1% құрайды - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

2007 жылдың 1 қарашасындағы жағдаймен Қазақстандағы ауыл тұрғындарының саны жалпы халық санының 47,1% құрайды - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" -2007 жылдың 1 қарашасындағы жағдаймен Қазақстандағы ауыл тұрғындарының саны жалпы халық санының 47,1% құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ауылдық аумақтар ісі жөніндегі комитет төрағасы Санат Тұңғышбеков құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Былтыр "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңға өзгерістер енгізіліп, соған сәйкес, ауылдық әкімшілікке бағынышты 124 ауыл ауылдық елдімекендерге жатқызылды. Сол себепті 2007 жылдың 1 -қарашасындағы жағдаймен ауыл халқының саны 7 млн. 310 мың адамды немесе республика халқының жалпы санына шаққанда проценттік арақатынаста 47,1 % құрайды", - деді С. Тұңғышбеков.

"2007 жылдың 1 қарашасында бұл ауылдардың тұрғындары қала тұрғыны болып саналған", -деді ол. Алайда, оның айтуынша, "бұл теріс, өйткені, бұл ауылдарда қаладағыдай жағдай болмаған, сөйте тұра осы ауылдарда еңбек ететін бюджеттік сала қызметкерлері ауыл дәрігерлері мен мұғалімдер ие болған жеңілдіктерден құралақан қалған".

"Яғни, оларға жалақысына қосымша 25 % кем емес үстемеақы төленбеген, отын беру жөнінде жеңілдіктер болған жоқ. Осындай жағдайға талдау жасаған біздер "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңға өзгерістер енгізуге бастама көтердік. Былтыр бұл өзгерістер қабылданып, қазір осы ауылдардың қызметкерлері басқа ауылдардағыдай жеңілдіктерге ие болуда", -деді комитет төрағасы.

С. Тұңғышбековтың айтуынша, 2007 жылдың 1 қарашасындағы жағдаймен Қазақстанның ауыл тұрғындары проценттік арақатынаста 42,63 % құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны