22.12.2006, 14:16 3105

2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін зейнетақы көлемі көтеріледі

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан (МЗТО) төленетін зейнетақы көлемі көтеріледі. Қаулыға Қазақстанның премьер-министрі Даниал Ахметов қол қойды.

"2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін 2007 жылдың 1-қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы көлемі, соның ішінде әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдары мен ҚР Иділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің, қаржы полициясының органдары мен өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы көлемі 8 пайызға көтерілсін", - деп көрсетілген мәтіні ресми БАҚ-да жарияланған қаулыда.

Сондай-ақ, құжатта арнайы атақ берілген және де ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін бекітілген тәртіпке бағынатын әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдары мен ҚР Иділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің, қаржы полициясының органдары мен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған айлық зейнетақы төлемінің көлемі "2007-жылғы республикалық бюджет туралы заңда қарастырылғанындай, 75 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек", деп көрсетілген.

2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап республикада айлық есептік көрсеткіш 1092 теңгені құрайтындығын естеріңізге сала кетеміз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны