02.05.2007, 16:18 3488

2007 жылдың аяғына дейін Қазақстанда көлікке қатысты мәліметтер базасының ақпараттық қауіпсіздік жүйесі мен тасымал қауіпсіздігі динамикасына мониторинг жүргізу жұмыстары аяқталады

АСТАНА. 2 - мамыр. Kazakhstan Today. 2007 жылдың аяғына дейін Қазақстанда көлікке қатысты мәліметтер базасының ақпараттық қауіпсіздік жүйесі мен тасымал қауіпсіздігі динамикасына мониторинг жүргізу жұмыстары аяқталады, деп хабарлады бүгін үкімет отырысында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2007 жылы Қазақстанда көлікке қатысты мәліметтер қорының ақпараттық қауіпсіздік жүйесі мен тасымал қауіпсіздігі динамикасына мониторинг жүргізу жұмысы аяқталады", - деп хабарлады министр.

"Нақты уақыт режимінде (он-лайн) көлік құралдары туралы толық ақпараттар алуды, сонымен қатар транспорттық кешенді дамытудың болашағы зор бағдарламасын анықтау жөніндегі негізді басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз ететін жүйе үстіміздегі жылдың 20-қарашасынан бастап жұмыс істей бастайды",- деп атап өтті С. Ахметов.

Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі басшысының ақпараттарына сүйенсек, "жалпы құны 788,5 млн теңге тұратын жоба 2008 жылдың 31- желтоқсанына дейін іске асырылады". Сонымен қатар, мекеме басшысының айтуынша, жоба "үш кезеңде жүзеге асады: 1- ші кезең - көлікке қатысты мәліметтер қорының модулін жасау; 2-ші кезең - көп функциялы талдамалық жүйе құру; 3-ші кезең - көлікке қатысты мәліметтер базасының ақпараттық қауіпсіздік жүйесі мен тасымал қауіпсіздігі динамикасына мониторинг жүргізетін локальды желісін кеңейту және көлік базасының толыққанды жұмыс істеуі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны