25.07.2007, 15:53 2892

2007 жылдың бірінші жартысында теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздін бұзушылықтар саны 12,6 пайызға азайды - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 25 - шілде. Kazakhstan Today. 2007 жылдың бірінші жартысында теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар саны 12,6 пайызға (2006 жылдың осы мерізімімен салыстырғанда) азайған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Есеп беру кезеңінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға қатысты 432 оқиға тіркелген, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 544 болған. Сөйтіп, бұл 12,6 пайызға төмендеді",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.

Атап айтқанда, тасымал дирекциясына қарасты кәсіпорындар бойынша 3 заң бұзушылыққа (2006 жылы есеп беру кезеңінде - 11 жағдай), локомотивті шаруашалықта - 101 (175), вагондық - 55 (79) тіркелген. Жалпы заң бұзушылықтардың санының төмендеуі магистральды желілер дирекциясына қарасты құрылымдық бөлімшелерде, сонымен қатар жүк және жолаушылар шаруашалығында бой көрсетіп отыр.

Дегенмен, жоғарыдағы көрсеткіштің азаюына қарамастан, жолаушы және жүк тасымалдаушы поездардың соғысуы, жылжымалы құрамдардың жолдан шығуы, тыйым салған белгіге жүру секілді оқиғалар көбейген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны