01.02.2007, 14:55 3097

2007 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасыныңдағы азық-түлік бағасы 7,6 пайызға өскен

АЛМАТЫ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. 2007 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасыныңдағы азық-түлік бағасы 2006 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 7,6 пайызға өскен, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.
 
Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары бағаларының деңгейіне тұрақты жүргізілетін бақылау материалдары 2007 жылдың қаңтары айында 2006 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда көкөністер бағасы 33,5 пайызға, жеміс-жидек - 9,1 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Осы көрсетілген мерізім ішінде сүт өнімдері - 6,5 пайызға, малдың майы - 3,2 пайызға өскен. Ет және ет өнімдері 6,1 пайызға өсті. Қой, сиыр және жылқы еттері - 8-10 пайызға дейін, шұжық өнімдері - 5,4 пайызға, шошқа еті - 3,1 пайызға өссе, ал құс етті - 5,1 пайызға арзандаған. 
 
Нан өнімдері мен астық өнімдерінің бағасы 6,6 пайызға көтерілген. Жарма бағасы 14 пайызға, күріш - 11,1 пайызға өскен. Нан 7,8 пайызға қымбаттаса, ұн 2,9 пайызға, түтік кеспелер 2,1 паыйзға қымбаттаған. Қант, джем және басқа да кондитерлік өнімдер бағасының 9,1 пайызға, балық және теңіз өнімдері 6,5 пайызға, алкогольсіз сусындар 3 пайызға өскені байқалады. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны