18.06.2008, 17:24 3201

2007 жылы әлемдегі босқындар саны 11,4 млн адамға дейін өскен - БҰҰ

2007 жылы әлемдегі босқындар саны 11,4 млн адамға дейін өскен - БҰҰ

Алматы. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 17 маусым күні БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары Антонью Гутерриш әлемдегі босқындар мен ел аумағында көшетіндер санының өсуіне алаңдап отырғанын мәлімдеді. Бұл үрдіс қатарынан екінші жыл байқалып отыр. Бұған дейін 2001-2005 жылдар аралығында бұл көрсеткіш азайып отырған. Жаңа толқын, бірінші кезекте, Ирак пен Ауғанстандағы жағдайға байланысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Өткен жылы әлемде 11,4 млн босқын болған. Ал 2006 жылы олардың саны 9,9 млн болған-ды. Халықтың ең әлсіз әрі қорғансыз санатына жатқызылатын ішкі көші-қонмен босқан адамдар саны соңғы жылы 24,4 миллионнан 26 миллионға дейін өскен. Босқындар істері жөніндегі бас комиссары басқармасының жаңа баяндамасында осы жайында айтылған. Ол баяндама жыл сайын 20 маусымда аталып өтілетін Дүниежүзілік босқындар күніне орай жарыққа шығып отыр.

Илемдегі Босқындар істері жөніндегі бас комиссар басқармасының қорғауындағы босқындардың 50 пайызы Ирак пен Ауғанстан халқы болып табылады. Босқындар істері жөніндегі бас комиссар басқармасы Пәкістан мен Иранда пана тапқан 3 млн ауғандыққа және Сирия мен Иорданияда пана тапқан 2 млн ирактыққа көмектеседі. Сонымен қатар, былтыр Босқындар істері жөніндегі бас комиссар басқармасы босқынға айналған 523 мың Суданның, 457 мың Сомалидің және 552 мың Колумбияның азаматтарына көмек қолын созған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны