31.01.2007, 15:40 6508

2007 жылы Астана қаласын дамытуға 400 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның елордасы - Астананы  дамытуға 400 млрд теңгеден астам қаржы салымы бөлінбек. Бұл туралы бүгін қала әкімі Асқар Мамин халыққа есеп берген кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
 

Қаржы салымының көлемі бойынша Астана еліміздегі ең алдыңғы орынға бой тіреп отыр, оның үлесі 12 пайызды құрайды", - деп атап өтті қала әкімі. "Бұл өз кезегінде, салық және қала бюджетіне түсетін басқа да кірістердің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Аталмыш көрсеткіш 2006 жылы 132 млрд теңгені құраған",- деді ол. 

 
Сонымен қатар, А. Мамин "қала бюджетінің нақты әлеуметтік бағыт ұстанғанын" айтып өтті. Оның сөзіне сүйенсек, әлеуметтік қажеттілікке 37,4 млрд теңге бөлінбек. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны