13.04.2007, 10:31 1559

2007 жылы көлік және коммуникация министрлігі "Астана-Шортанды" автотрассасының құрылысына 19 миллиардтан астам теңгені игермек

АСТАНА. 13 сәуір. Kazakhstan Today. Биыл көлік және коммуникация министрлігі "Астана-Шортанды" автотрассасының құрылысына 19,1 млрд теңге игеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне министрліктіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаның жалпы құны 102 млрд теңгеден астам; өткен жылы 6,5 млрд теңге меңгерілген, деп атап көрсетілген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ұзындығы 224 шақырым автожолдың құрылысы 2009 жылға дейін жүреді деп жоспарланған,-деп ескерді ведомстводағылар.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, сәрсенбі күні өткен министрліктің мәжілісіне көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің жетекшілігі, Ақмола КИДҚ басқарамасының өкілдері, жобалық ұйымдардың мамандары қатысты. Олар дайындық жұмыстарының барысы туралы әңгімелесті.

Жалпы биыл коммуникацияны, су өткізу құбырларының орнын ауыстыру жоспарланып отыр. 9 көпір мен жол айрықтарын, 5 көлік тарабын салу жоспарда бар. Бұл жұмыстар үшін жол-құрылыс материалдары дайындалып қойды. Олар фракциялық қиыршық тас, електен өткен тас пен темірбетонды заттар болмақ.

Көлік және коммуникация министрлігінің деректерінше, жол учаскесін қайта жөдеу басталғалы бері 386 арнайы техника жұмылдырылған; биыл тағы да 232 техника алу жоспарланып отыр. Цементті бетон төселетін учаскелердегі жұмыстар үшін мердігерлік ұйымдар арнайы техника жеткізетін германдық фирмамен келісім шартқа отырды.

Сонымен қатар, көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Учаскеде кезекшілік қойылған. Жол бойы мен су өткізгіш тұрбалар қардан тазартылған, деп атап көрсетілген министрлік баспасөзі таратқан хабарламада.

Мәжіліс соңында комитеттерге маусым басталарда қажетті құрылыс материалдарының дайындығын қадағалап, барлық керекті техниканы жұмылдыру тапсырылды. Сонымен қатар, барлық үгіткіш қондырғыларды жеткізіп, асфальбетонды зауыттарды іске қосу жүктелді. Баспасөз қызметінің айтуынша, мердігер компаниялардың жоспардағы жұмыстарын уақтылы аяқтауы жіті қадағалануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны