07.06.2007, 18:31 2937

2007 жылы мемлекет жоғарғы оқу орындарында оқитындар үшін 33 мыңнан астам грант бөледі - ҚР білім министрлігі

АСТАНА. 7 - маусым. Kazakhstan Today. 2007 жылы мемлекет жоғарғы оқу орындарында оқитындар үшін 33 мыңнан астам грант бөледі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Осы жылы 33 мың 190 мемлекеттік білім гранты бөлінді",- деді Ж. Түймебаев. "Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік гранттың саны 700 бірлікке ұлғайды",- деп атап көрсетті ол.

Министр сондай-ақ, бірыңғай ұлттық тестілеу 51 жоғарғы оқу орындары мен 103 орта мектеп базасында орналасқан 154 тестілеу пунктінде, төрт пән бойынша, яғни қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы және таңдап алынған маманға байланысты пән бойынша жүргізіледі.

Министрдің айтуынша, бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру мен оны өткізуге республикалық бюджеттен 521,5 млн теңге бөлінген, оның ішінде 108,2 млн - түлектерді тестілеу бөлімдеріне әкелу, тамақтандыру және жатын орындарды ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттерге мақсатты трансферттер түрінде бөлінген.

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылы бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысу үшін 144 117 түлек өтініш білдірген, олардың 83 884 қазақ тілінде білім беретін мектеп түлектері болса, 60 233 - орыс тілінде білім алушылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны