23.07.2007, 13:44 2290

2007 жылы оралмандардың әлеуметтік проблемасын шешуге Маңғыстау облысында 5,7 млрд теңге жұмсалады

АҚТАУ. 23 шілде. Kazakhstan Today. 2007 жылы Маңғыстау облысына көшіп келген оралмандардың әлеуметтік проблемасын шешуге 5,7 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Облыстық бюджеттен 1 млрд теңге, республикалық бюджеттен - 142 млн теңге және "Аджип ККО" компаниясының қаржысынан 4,5 млрд теңге жұмсалады деді Қ.Көшербаев 3-ші шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының 25-ші сессиясында.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы мен республика үкіметінің қолдауымен ағымдағы жылдың маусым айында облыста Мұнайлы атта жаңа аудан құрылған, оның тұрғындарының басым бөлігін шетелдерден келген қазақтар құрайды.

Қ.Көшербаевтың айтуынша, репатрианттардың әлеуметтік проблемасын шешу үшін Бейнеу ауылында "Атамекен" атты ықшамауданды жайластыру шаралары жүргізілуде. Ықшамауданды электр қуатымен, газ және сумен қамтамасыз етуге жергілікті бюджететн 300 млн теңге бөлінді.

Форт-Шевченко қаласында репатрианттар үшін жаңа ауыл бой көтеріп, 80 отбасына арналған екі пәтерлі 40 үй салынуда.

Қарақия ауданының Құрық ауылында да репатрианттарды орналастыру және оларды жайластыру жобасына дайындық жұмыстары басталды. Жоба 2008-жылы жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны