02.07.2008, 19:08 2771

2007 жылы орны толатын қуат көздерін дамытуға 150 млрд АҚШ доллары бөлінген

2007 жылы орны толатын қуат көздерін дамытуға 150 млрд АҚШ доллары бөлінген

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Былтыр орны толатын қуат көздерін пайдалануға қызығушылық қайта оянды. Оның дамуына 150 млрд доллар қаржы бөлінді. Осы 2005 жылы осы мақсатқа 33 млрд АҚШ доллары бөлінген болатын. Бұл туралы БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) сессиясында сөйлеген сөзінде Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) атқарушы директоры Ахим Штайнер мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Былтыр қайта қалпына келетін қуат көздерінің үлесіне жаһандық энергия өндірісінің 5 пайызы тиген. Илемде жел және күн технологиясы бәрінен де жылдам дамуда.

БҰҰ Ауа-райының өзгерісі мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссиясының басшысы Раджендра Пачаури қазіргі таңда әлемдегі 1,6 млрд адам электр жарығынсыз отырғанына және оның 33 пайызы Үндістанда тұратынына ЭКОСОС сессиясына қатысушылардың назарын аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны