09.08.2011, 14:35 3091

2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушылардың тізімі тамыз айының соңында жарияланады

"Мен хабарлағанымдай, тамыз айнының соңында немесе қыркүйек айының басында осы Мемлекеттік бағдарламаға қатысатын азаматтардың тізімін жария етеміз", - деп еске салған шаһар басшысы.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушылардың тізімі тамыз айының соңында жарияланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушылардың тізімі ағымдағы жылғы тамыз айының соңында немесе қыркүйек айының басында жарияланатын болады. Бұл туралы ғаламтор пайдаланушының сұрағына жауап берген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз блогында жазған.

"Мен хабарлағанымдай, тамыз айнының соңында немесе қыркүйек айының басында осы Мемлекеттік бағдарламаға қатысатын азаматтардың тізімін жария етеміз", - деп еске салған шаһар басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны