19.09.2008, 17:28 2928

2008 жылдың 1 жарты жылдығында бекітілген байланыс абоненттерінің саны 3 337 766 жетті

2008 жылдың 1 жарты жылдығында бекітілген байланыс абоненттерінің саны 3 337 766 жетті

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 1 жарты жылдығында бекітілген байланыс абоненттерінің саны 3 337 766 жетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Төрағасы Қуанышбек Есекеев мекеменің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылдың 1 жарты жылдығында бекітілген байланыс абоненттерінің саны 3 337 766 жетті",- деді ол.

Қазақстан бойынша орта телефондық тығыздық 100 адамға шаққанда 21,6 нөмір. Телекоммуникация саласының даму бағдарламасымен осы көрсеткішті 2008 жылдың аяғында 100 адамға шаққанда 23-ке жеткізу көзделіп отыр.

Телефонмен қамтылмаған аймақтарды 2008 жылы толығымен телефондандыру мақсатында тұрғындар саны 50 аспайтын 74 ауылды жерлерді телефон байланысымен қамту үшін Агенттікпен 2008 жылдың 7 сәуірінде кесте - жоба бекітілді. Осы кесте - жобаға сай, 21 ауылдық жерді телефондандыру мерзімі 2008 жылдың үшінші тоқсанына, 53 ауылдық жер 2008 жылдың төртінші тоқсанына белгіленді.

2008 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдаймен 11 ауылдық жер телефон байланысымен қамтылды: Ақмола облысында - 1, Ақтөбе облысында - 3, БҚО - 1, Қостанай облысында - 3, ОҚО - 3.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны