24.09.2007, 15:38 2728

2008 жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік органдар өздерінің веб-порталдарын іске қосады

2008 жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік органдар өздерінің веб-порталдарын іске қосады

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік органдар өздерінің веб-порталдарын іске қосады. Бұл туралы бүгін парламенттің үкіметтік сағаты барысында Қазақстан Республикасының ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бізде үстіміздегі жылдың аяғына дейін министрліктердің бес порталы жасалып бітеді",- деді Қ. Есекеев.

Ол сондай-ақ, барлық министрліктер мен мекемелердің веб-сайттары ашылғандығын атап өтті.

"Менің пайымдауымша, біздің электрондық үкіметтің порталы бойынша қызмет көрсету үшін де өздерінің порталдары арқылы қызмет көрсету үшін де өздерінің жеке порталдарын құратын болады",- деп қосты Қ. Есекеев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны