21.12.2007, 18:02 2967

2008 жылғы Олимпиада қарсаңында Қытай үкіметі шетелдіктер үшін елге келу процедурасын жеңілдетуде

2008 жылғы Олимпиада қарсаңында Қытай үкіметі шетелдіктер үшін елге келу процедурасын жеңілдетуде

Алматы. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылғы Олимпиада қарсаңында Қытай үкіметі шетелдіктер үшін елге келу процедурасын жеңілдетуде, деп хабарладйы "Қазақстан Бүгін" тілшісі China News халықаралық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

"Пекин ойындарын ұйымдастырушылар келесі жылы Қытайға 70 млн жуық шетелдік қонақтар келеді деп күтуде. Былтыр бұл көрсеткіш 44 млн болған", - деп хабарлайды China News. Алдағы ойындарға байланысты 2008 жылдың қаңтарынан бастап шекарадан өткен кезде адамдар түрлі ауру-сырқаулары туралы арнаулы декларацияларды толтырмайтын болады.

Жолаушылар ағыны өскен қазіргі жағдайда кедендік тексеру және қауіпсіздікті тексеру процедуралары да жеңілдей түсуде, олар уақыт та лмайтын болады.

Осындай талаптар 2002 жылы белең алған пневмониядан кейін енгізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны