30.11.2007, 16:11 5864

2008 жылы БАҚ-ның тіркелу процедуралы ырықтандырылады - ҚР СІМ

2008 жылы БАҚ-ның тіркелу процедуралы ырықтандырылады - ҚР СІМ

Алматы. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алдағы 2008 жылы БАҚ-ын тіркеу процедуралы жеңілдетіліп, ырықтандырылады. Үкімет бұл бағыттағы жұмысты журналистер қоғамдастығы және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірлесе отырып жүргізуде. Бұл туралы бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің 15 отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік.

"Болашақ төрағалық етуге байланысты біз БАҚ туралы заңға енгізілетін бірлескен түзетулерге біз түрлі ұсыныстар енгізбекшіміз, сондай-ақ, онда ЕҚЫҰ ескертпелері де ескеріледі. Бұл 2008 жылы жасалатын медиалық заңнамаға қатысты жұмыстардың негізгі мазмұны болады. "Қазақстан үкіметі ЕҚЫҰ ұсыныстарын назарға алады"", - деді өз баяндамасында ҚР СІМ басшысы.

М. Тәжиннің ақпараты бойынша, Қазақстанда 8 мыңнан аса БАҚ тіркелген. Оның 80% жеке меншік иелігінде.

"ҚР үкіметі БАҚ қызметіне байланысты туындаған мәселерге жіті назар аударуда. Мәселен, Баспа іс-қызметі жөніндегі, сондай-ақ, БАҚ-тар арқылы жала жабу және қорлау бойынша жауапкершілікті күшейту жөніндегі заң жобалары кері қайтарылды немесе оларды шығару тоқтатылды. ЕҚЫҰ кеңсесінің өкілдерімен бірлескен үкімет БАҚ бостандығы бойынша БАҚ-тарда жалған қаралау ақпараттарын таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдету мәселесін дәйектеуде", - деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысы.

М. Тәжиннің баяндамасында көрсетілгеніндей, Қазақстан БАҚ-тары өзін-өзі реттеу механизмдерін қолдап, оны дамытатын болады. Сол арқылы бүгінде туындап отырған түрлі мәселелер күн тәртібінен алынбақ.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 29 - 30 қарашада Мадридте (Испания) ЕҚЫҰ СІМК кезекті отырысы өтуде, онда ҚР 2009 жылы ұйымға төрағалық ету мәселесі талқылануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны