08.09.2008, 18:06 2982

2008 жылы БАҚ-тарға қатысты азаматтық және қылмыстық істерді қозғау оқиғалары жиілей түсті - зерттеу

2008 жылы БАҚ-тарға қатысты азаматтық және қылмыстық істерді қозғау оқиғалары жиілей түсті - зерттеу

Алматы. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы БАҚ-тарға қатысты азаматтық және қылмыстық істерді қозғау оқиғалары жиілей түсті. Бүгін журналистердің халықаралық ынтымақтастық күніне орай өткен баспасөз мәслихатында "Иділ сөз" қоры жария еткен зерттеу қортындысы осындай, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылдың тоғыз айындағы статистика көрсеткендей, қылмыстық істердің саны шамалы болса да өскен. Журналистер мен редакцияларды бедел мен ар-ұжданға шіркеу келтірді деп айыптау оқиғалары тұрақты әрі тез өсуде", - деді"Иділ сөз" қорының президенті Тамара Калеева.

Атап айтсақ, ағымдағы жылы алты журналиске ғайбат айтты деген айып тағылса, екеуіне - жәбірледі, төртеуіне - ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылған. 60 БАҚ пен журналиске азаматтық-құқықтық талаптар, соның ішінде 50-іне ар-ұждан мен беделді қорғау жөніндегі шағымдар жасалған. Моральдық шығынды өндіріп алуға шағым берілген қаржы көлемі 355 млн 990 мың 1 теңгеге жетті, деп хабарла йды "Иділ сөз".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны