04.12.2007, 13:58 1797

2008 жылы қазақстандық ғалымдар Ресейдің инновациялық жоғары оқу орындарына білім шыңдауға барады

2008 жылы қазақстандық ғалымдар Ресейдің инновациялық жоғары оқу орындарына білім шыңдауға барады

Алматы. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Самғау" ғылыми-технологиялық холдингінің құрамындағы компаниялар тобына кіретін "Ғылым қоры" АҚ ресейлік әріптестерімен 2008 жылдың басында Қазақстанның жас ғалымдарының тобы үшін Ресей Федерациясының жетекші инновациялық жоғары оқу орындары - Томск және Новосибирск мемлекеттік университеттерінде арнаулы білім шыңдау дәрістерін ұйымдастыруға уағдаласты. Бұл туралы "Самғау" Холдингі"АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ғалымдардың біліктілігін шыңдау шарасы Қазақстан және Ресей мемлекет басшыларының 2007 жылдың қазан айында Новосибиркіде өткен шекаралық өңірлердің форумында қол жеткізген мәмілелерін жүзеге асыру аясында өткізіледі.

Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, мамандар Новосибирск мемлекеттік университетінде инновациялық нарықты дамыту бағдарламалары, инновациялық қызметті мемлекет тарапынан қолдау, жобаларды іріктеу мен сараптау тетіктері мен принциптері, интеллектуалдық меншік пен технопарк құрылымының іс-қызметін бағалау бойынша дәрістер тыңдайды. Қазақстандық ғалымдар жоғары технологиялық өнімдерді коммерциялық сипатқа көшірумен шұғылданатын технопарк пен институттарда, Ресей Ғылым академиясының сібірлік бөлімінің ғылыми жобалардың көрмелер орталығында, Технологиялар трансферті орталығында, Катализ жөніндегі ҒЗИ, Ядролық физика және қатты дене химиясы институтында болды.

Томск мемлекеттік университетінде Қазақстандық ғалымдар интеллектуалдық меншікті заңдық негізін қалау, инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасау және моделін жасау бойынша оқудан өтеді. Ғалымдар Томск қалалық инновациялық инфрақұрылоым нысандарының іс-қызметімен танысады. Олар атап айтсақ, Ұжымдық пайдалану орталығы, Инновациялық-технологиялық бизнес-инкубатор, "Жоғарыэнергетикалық жүйелердің физикасы мен химиясы" ғылыми-білім беру орталығы, Томск облысы бойынша айрықша экономиклық аймақтарды басқару жөніндегі федералдық агенттіктің аумақтық басқармасы және Ресей Ғылым академиясының сібір бөлімінің және университеттердің ҒЗИ-да болады.

Оқу аяқталған соң Қазақстандық жас ғалымдарға білім шыңдағаны жөнінде дипломдар мен куәліктер беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны