04.06.2007, 17:01 2766

2008-жылы Ядролық медицина орталығын салуға 2,5 млрд теңге бөлінеді - ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры

АЛМАТЫ. 4-маусым. Kazakhstan Today. 2008-жылы Ядролық медицина орталығын салуға 2,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадыржанов бүгін "Ядролық және радиациялық физика" атты ҮІ халықаралық конференцияның ашылуында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Депутаттар бұл жобаны қолдап отыр. Бірақ келесі жэылға арналған бюджетті олар қабылдай ма, жоқ па, әлде жаңа парламент сайлана ма ол жағы әзірге белгісіз",- деді ол.

Қ.Қадыржановтың айтуынша, қазіргі жағдаймен Ядроылқ медицина орталығының жобасы толық жасалған, "техника-экономикалық негіздемесі дайын, Ядролық физика институтының бір корпусын жөндеп дайындап қойдық",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны