10.09.2009, 17:30 2975

2009 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласының күні аталып өтеді

2009 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласының күні аталып өтеді

Алматы. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2009 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласының күні аталып өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жыл сайын Қала күні қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін. 2009 жылдың маусым айында қалалық мәслихаттың XIX сессиясында қала басшылығы Қала күнін мерекелеуді қыркүйек айының үшінші жексенбісіне ауыстыру жөнінде ұсыныс жасаған еді. Мұның себебі - Қала күні Қарттар және Мұғалімдер күнімен тұспа-тұс келіп, өз деңгейінде аталып өтпейтін. Ирі қыркүйек айындағы ауа райы да көпшіліктің мейрам күнін сезінуіне өте қолайлы.

Сөйтіп, 10 - 20 қыркүйек аралығында Алматы күніне қатысты түрлі бұқаралық шаралар өтеді.

Негізгі мерекелік шаралар қыркүйектің 20-ында Астана алаңында өтеді. Мұнда театрландырылған қойылым, алма фестивлі, қазақстандық аристердің концерті және басқа да шаралар көпшілік назарына ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны