27.01.2009, 19:01 3147

2009 жылдың ақпан айында "Дала мен Қала" және "Страна и мир" газеттерінде бренд атауы өзгертіледі

2009 жылдың ақпан айында "Дала мен Қала" және "Страна и мир" газеттерінде бренд атауы өзгертіледі

Астана. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылдың ақпан айында "Дала мен Қала" және "Страна и мир" газеттерінде бренд атауы өзгертіледі. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында "Нұр-медиа" медиахолдингінің басшысы Арманжан Байтасов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

А. Байтасовтың айтуынша, бүгінде холдингіге негізгі екі газет: "Дала мен Қала" және "Страна и мир" кіреді.

Сондай-ақ, ол "Литер" және "Айқын" газеттері де осы холдинг құрамына енгендігін ресми түрде мәлім етті.

Бұған қоса холдинг аясына медиа-активтерін "Рауан Медиа Групп" АҚ басқаратын "Астана" телеарнасы, NS радиосы мен РДВ, "Түркістан", "Известия-Казахстан" және "Нұр-Астана" газеттері де кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны