03.12.2007, 09:33 2094

2009 жылы Қазақстан Республикасында халық санағы болады

2009 жылы Қазақстан Республикасында халық санағы болады

Астана. 3-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылы Қазақстан Республикасында халық санағы болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ресми Бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып.

Ресми БАҚ хабарлағандай, Қазақстан Республикасының үкіметі 2009 жылдың 25-ақпаны мен 6-наурызы аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын жүргізу туралы 2007 жылдың 28-қарашасындағы №1138-ші "2009 жылы Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағы туралы" қаулыны қабылдады.

Сонымен қатар, үкімет "Қазақстан Республикасындағы ұлттық халық санағын өткізу шараларының жоспарын" бекітті және жергілікті атқару органдарына 2008 жылдың 1-шілдесінен бастап 2009 жылдың 1-сәуіріне дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, бекіту және қайта құру, сондай-ақ, көшелердің атын өзгертуге байланысты ұсыныстарды енгізбеуге кеңес берді.

Үкімет қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны